Латвия СІМ басшысы жеке ұшақты жиі қолданғаны үшін отставкаға кетеді
Латвия Сыртқы істер министрлігінің басшысы жеке ұшақты жиі қолданғаны үшін отставкаға кетеді. Кришьянис Кариньш 10 сәуірде отставкаға кетеді, ал келесі күні Латвия Сеймі Сыртқы істер министрлігінің жаңа басшысын бекіте алады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бас прокуратура Кариньшты іссапарға жеке ұшақтарды пайдаланды деп айыптады.
Мемлекеттік канцелярияның мәліметінше, 2021 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың қыркүйегіне дейін мұндай рейстерге 613 830 еуро жұмсалған.
Бұл қоғамда шу тудырып, Латвиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктер тергеуді бастады.
Силиня болса, Кариньштың отставкаға кету шешімін «батыстың лайықты саясаткерінің әрекеті» деп атады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: