Ер адам бұрынғы сүйіктісін өлтіріп, суретін оның парақшасына жүктеген

Мәскеуде 28 жастағы Анастасияны өлтірді деген күдікке ілінген ер адам марқұмның суретін оның әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған. Кейін күдіктінің өзі де ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға 14 қарашада қаланың солтүстік-шығысындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 38 жастағы Дмитрий бұрынғы сүйіктісімен жанжалдасып, оған пышақ жарақатын салған. Анастасия алған жарақатынан қайтыс болған. Жанжалға қызғаныш себеп болуы мүмкін деген болжам айтылып отыр. Оқиғаның нақты мән-жайы әлі анықталып жатыр.

Baza мәліметінше, ер адам оқиғадан кейін марқұмның аккаунтына кіріп, оның суретін жариялаған. Жазбаны қыздың байланыс тізіміндегі адамдар көрген. Арна күдіктінің бұған дейін есірткіге қатысты іс бойынша сотталғанын да хабарлады.

ер адам Марқұм Күдікті Жанжал

Тақырыпқа жаңалықтар