Үш жыл бұрын жоғалған ер адамның мәйіті табылды: күдікті түрмеде отырған

Абай облысында 2023 жылы із-түзсіз жоғалған ер адамның өліміне қатысты қылмыс ашылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

2023 жылдың қыркүйегінде әйел полицияға жүгініп, жұмыс істеуге өзге жаққа кеткен күйеуінен хабар үзілгенін айтқан. Алайда алғашқы іздестіру жұмыстары нәтиже бермеген.

Полицияның мәліметінше, тергеу барысында басқа қылмыс үшін сотталып, жазасын өтеп жатқан ер адамға күдік түскен. Кейін ол кісі өлтіргенін мойындап, мәйітті жасырған жерін көрсеткен.

ер адам жоғалу Іздестіру полиция

Тақырыпқа жаңалықтар