Латвия Украинаға мас жүргізушілерден тәркіленген көліктерді берді
2023 жылдың ақпан айынан бастап Латвия Украинаға мас күйінде көлік жүргізгені үшін азаматтардан тәркіленген 270-тен астам автокөлікті берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Олардың жалпы құны 900 мың еуродан асты. Құны 160 мың еуро тұратын тағы 34 көлікті беру мәселесі қарастырылуда, деп түсіндіреді Delfi.
Ақпан айында Латвия Сеймі Украинаның бейбіт тұрғындарын қолдау туралы заңға өзгеріс енгізді.
Олар Украина қарулы күштері мен соғыстан зардап шеккен украиндықтарға көмектесу үшін Латвияда тәркіленген көліктерді Украина үкіметінің меншігіне беруге рұқсат берді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: