Placeholder
ФОТО: Depositphotos.com / Vitalez1988
Depositphotos.com
Әлем4 қыркүйек 2024, 16:34

Латвия Украинаға тәркіленген тағы 18 көлікті береді

Латвия мас жүргізушілерден тәркіленген тағы 18 көлікті Украинаға өткізеді. Бұл көліктердің жалпы құны 94 680 еуроны құрайды, деп хабарлады Delfi. Киев оларды тегін қабылдайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

2023 жылдың желтоқсанында Латвия Украинаға мас күйінде көлік жүргізгені үшін азаматтардан тәркіленген 270-тен астам көлікті өткізгені туралы хабарланған болатын.

Бұл көліктердің жалпы құны 900 мың еуродан асты.

Ол кезде құны 160 мың еуро тұратын тағы 34 көлікті беру мәселесі қарастырылып жатқан еді.

Латвия тәркіленген көліктер Украина

Тақырыпқа жаңалықтар