Макрон одақтастарын батыл әрекет етуге шақырды
Макрон одақтастарын батыл әрекет етуге шақырды. Берлинде олар оқ-дәрі өндірісін арттыру қажет деп жауап берді Франция президенті Еуроодақ елдерін Ресейдің басқыншылығынан қорғайтын Украинаны қолдауда батылдық танытуға шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Егер күн сайын осы соғысты бастағандарға бізге қандай шектеу қойылғанын айта берсек, ендеше біз жеңілген күй кешеміз. Біз өзімізге ешқандай шектеу қоймаймыз деп айтуымыз қажет деп ойлаймын», - деп қосты Макрон.
Бұған дейін ол Украинаға құрлық әскерін жіберуді жоққа шығарса, енді өз сөзін тағы да қорғап шықты.
"Екі жыл болды! ...Бұл біздің соғыс па, біздікі емес пе? Жағдайдың қалай дамып жатқанын ескерсек, кері бұрыла аламыз ба? Мен олай ойламаймын. Мен стратегиялық серпіліс жасауға шақырдым және оны қолдаймын" деді Макрон Прагаға сапары кезінде.
Макрон Францияның Украинаға Еуроодақтан тыс жерде оқ-дәрі сатып алуға көмектесетінін де айтты.
Чехия үшінші елдерден 800 мың артиллериялық снаряд сатып алу мүмкіндігін тапты.
Германия Қорғаныс министрлігінің басшысы Макронның мәлімдемесіне жауап берді.
Борис Писториустың айтуынша, Украинадағы еуропалық құрлық күштері немесе «азды-көпті батылдық» туралы талқылаудың қажеті жоқ, өйткені олар Украинаны қолдау мәселесін шешуге көмектеспейді.
Борис Писториус оның орнына оқ-дәрі өндірісін арттыруға шақырды.