Шымкентте жаздың жылуы, Астанада екпінді жел: Ертеңгі ауа райы болжамы

Қарашаның соңында еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +25 градусқа дейін көтерілсе, батыс пен солтүстікте жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Шымкент қаласы мен Түркістан облысында +25, Жамбыл облысында +24, Алматыда +20 градусқа дейін жылы болады.

Астана мен солтүстік өңірде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Елордада күндіз +8 градус жылы болады. 

Батыста жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. 

Орталықта жаңбыр жауып, ауа температурасы +12 градусқа дейін көтеріледі. 

Шығыста тұман түсіп, таулы аймақтарда түнде -10 градусқа дейін аяз болады.

«Қазгидромет» болжамынша, кей өңірлерде желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады.

Ауа райы болжам батыс Солтүстік

Тақырыпқа жаңалықтар