Мексиканың тұңғыш әйел президенті Клаудия Шейнбаум ант қабылдады
Фото: ТАСС
TASS
Әлем4 қазан 2024, 14:00

Мексиканың тұңғыш әйел президенті Клаудия Шейнбаум ант қабылдады

62 жастағы Клаудия Шейнбаум ресми түрде Мексика президенті қызметіне кірісті. Ұлықтау рәсімі республика Конгресінің (екі палаталы парламент) отырыстары өтіп жатқан Мехикодағы Сан-Лазаро заң шығару сарайында өтті. «Мен Мексика Құрама Штаттарының саяси конституциясын және одан туындайтын заңдарды сақтауға және орындауға, сондай-ақ одақтың игілігі мен гүлденуі үшін халық маған сеніп тапсырған Республика Президентінің міндеттерін адал және патриоттықпен орындауға салтанатты түрде ант етемін. Егер мен мұны істемесем, ұлт мені жазаласын», - деді Шейнбаум президенттік ант мәтінін оқу кезінде, - деп хабарлайды Arbat.media.

Осыдан кейін өкілеттігін аяқтап жатқан мемлекет басшысы Андрес Мануэль Лопес Обрадордың қатысуымен Депутаттар палатасы (төменгі палата) президиумының төрағасы Ифигения Мартинес Эрнандес оған президенттік билік нышандарының бірі – Мексика туының түстеріндегі президенттік лентаны табыс етті деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

Клаудия Шейнбаум (толық аты-жөні Клаудия Шейнбаум Пардо) 1962 жылы 24 маусымда Мехико қаласында дүниеге келген. Оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да ата-бабалары – Шығыс Еуропадан келген еврей иммигранттары. Әкесі бизнесмен және ғылыми ортада танымал инженер-химик болған. Анасы биолог. 1960 жылдары олар елдегі студенттік қозғалыстар мен наразылық акцияларына белсенді қатысқан.

Шейнбаум Мексиканың Ұлттық автономиялық университетін (NAUM) физика мамандығы бойынша бітірді, онда энергетика саласындағы магистр және докторлық дәрежелерін алды. Ол Калифорния университетінің Беркли зертханасында Мексикадағы энергетикалық тенденциялар бойынша докторлық зерттеулерін жүргізді.

Клаудия Шейнбаум әйел президент Мексика ант қабылдады

Тақырыпқа жаңалықтар