ӘлемБүгін, 13:18

Мектепте атыс болып, екі оқушы қаза тапты

Филиппиннің Замбоанга қаласында мектептердің бірінде атыс болып, екі оқушы қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қаза болғандардың бірі — шабуыл жасаған оқушының өзі. Бұл туралы елдің Ұлттық полициясы мәлімдеді

Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға Замбоанга қаласындағы университетке қарасты орта білім беру мекемесінде болған. Полицияның дерегінше, 9-сыныпта оқитын жеткіншек сыныпқа қарумен кіріп, оқ жаудырған.

Шабуыл салдарынан 10 жастағы оқушы көз жұмған. Оқиға кезінде тағы екі бала жарақат алған.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, атыс жасаған оқушы да қаза тапқан. Оның өліміне не себеп болғаны әзірге нақтыланған жоқ.

оқиға Қылмыс Жасөспірім Шабуыл

Тақырыпқа жаңалықтар