Моңғолияда 7 млн-нан астам бас мал қырылды
Моңғолияда барлығы 7,1 млн мал қырылып, 5,6 млн малдың өлексесі жойылып, көмілген, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі бас басқармасы хабарлады, - деп жазады Kazinform агенттігі.
«Ақ және темір жұт (қысқы тақыршылық) кезінде қырылған ірілі-ұсақты мал өлекселерін жою және көму бойынша 15 сәуірде басталған жұмыстарға зоонозды жұқпаны зерттеу орталықтарының қызметкерлері, сондай-ақ Моңғолияда малдың қырылуының ең жоғары көрсеткіші тіркелген аймақтардағы көшпелі малшылардың өздері тартылды», - деп келтірді Синьхуа ақпарат агенттігі Моңғолия төтенше жағдайлар ведомствосының ресми мәлімдемесін.
Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың соңына қарай елдегі малдың жалпы саны 64,7 млн басты құрады.