Әлем22 желтоқсан 2023, 18:45

NASA халықаралық ғарыш станциясына жүк жеткізетін жаңа шаттл жасап жатыр

NASA халықаралық ғарыш станциясына жүк жеткізетін жаңа шаттл жасап жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.  

Ғылыми фантастикалық телехикаялардағы ғарыш кемелерін еске түсіретін Dream Chaser шаттл 2024 жылдың басында Флорида штатындағы Канаверал мүйісі ғарыш орталығынан Vulcan Centaur зымыран тасығышында сынақтан өтеді деп жоспарлануда.

Dream Chaser-тің ерекшелігі - оны 15 рет қолдануға болады.

НАСА мәліметінше, шаттл ХҒС-ты қамтамасыз етеді.

Көлікті Колорадо штатындағы Луисвиллдегі Sierra Space жеке ғарыш компаниясы шығарған.

ХҒС-қа ұшыру мен ұшуды NASA-ның Кеннеди ғарыш орталығында және Хьюстондағы Джонсон ғарыш орталығында, сондай-ақ Луисвиллдегі Dream Chaser Миссиясын басқару орталығында көптеген командалар бақылайды.

Содан кейін ХҒС бортындағы астронавтар ғарыш кемесін арнайы роботтық қолдарымен ұстап, модульге бекітеді.

Dream Chaser Халықаралық ғарыш станциясына алғашқы ұшуында 3,5 тоннадан астам жүк тасымалдайды деп күтілуде.

Шаттл ХҒС-та шамамен 45 күн тұрып, содан кейін Жерге оралуы керек.

Nasa жаңа шаттл халықаралық ғарыш станциясы

Тақырыпқа жаңалықтар