ӘлемБүгін, 14:30

Нөсер жауын 14 адамның өмірін жалмады

Оңтүстік Кореяда бес күн бойы толассыз жауған жаңбырдан 14 адам қаза тауып, 12 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media kazinform.kz сайтына сілтеп.

Бұл туралы жексенбі күні елдің Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі хабарлады. Ондағы мәлімет бойынша, жергілікті уақытпен сағат 11:00-де 14 адамның қаза тапқаны расталды. Сондай-ақ 12 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Сәрсенбі күні басталған жаңбыр бүкіл ел бойынша 13 209 адамды үйлерін тастап кетуге мәжбүр етті. Жексенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша 3 836 адам уақытша баспаналарда қалды.

Суға толған жолдар, көшкін, өзен құрылыстарының құлауы, су басқан құрылыстар мен ауылшаруашылық жерлерін қоса алғанда, жалпы 1 920 мемлекеттік мүлікке, 2 234 жеке меншікке зиян келтіру фактісі тіркелді.

жауын Адам оңтүстік Корея

Тақырыпқа жаңалықтар