Орбан Киев пен Мәскеуден кейін Қытайға келді
Орбан Киев пен Мәскеуден кейін Қытайға келді . Венгрия премьер-министрі Бейжіңге Украинадағы соғысты дипломатиялық жолмен шешу үшін «бейбітшілік миссиясын жалғастыруға» келгенін айтты. Орбан өкілінің айтуынша, ол Бейжіңде Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұған дейін 2 шілдеде Киевке сапары кезінде Орбан ел президенті Владимир Зеленскийді уақытша атысты тоқтату мүмкіндігін қарастыруға шақырған.
5 шілдеде Орбан Мәскеуге күтпеген сапармен келді, онда Владимир Путинмен кездесуден кейін ол Украинадағы соғысты тоқтату бойынша украин және ресейлік тараптардың ұстанымдары бір-бірінен тым алыс екенін айтты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: