"Орыстілділерге деген оңбаған қылық". Латвия Путинге жауап берді
Латвия Путиннің "орыстілділерге деген оңбаған қылық" туралы сөзіне жауап берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
"Бұл мәлімдемелер Кремльдің Батыс елдеріне қатысты "жалпы қатаң ұстанымы мен агрессивті риторикасына" сәйкес келеді", деп хабарлады Латвия Конституциясын қорғау бюросы.
Латвия Ресей билігі ұзақ уақыт бойы шет елдердегі орыстілді тұрғындардың құқығы тақырыбын саяси құрал, соның ішінде Украинаға қарсы агрессиясына сылтау ретінде пайдаланып келгенін еске салды.
Бұған дейін Владимир Путин Латвияда "орыс тілді тұрғындарға оңбаған қылық танытса, ақырында олар өз елінде тап сондай жиіркенішті әрекеттерге тап болады" деп қатқыл мәлімдеме жасаған болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: