ӘлемКеше, 16:33

Өзбекстан Швейцариядан экс-президенттің қызының активтерін қайтарып алды

Өзбекстан Швейцариядан Гүлнара Каримованың 95 миллион долларлық активін қайтарып алды, деп хабарлайды Arbat.media.

Өзбекстан билігі елдің тұңғыш президентінің қызы Гүлнара Каримоваға тиесілі активтердің қайтарылғанын хабарлады. Бұл қаражат екі мемлекет арасындағы келісім шеңберіндегі алғашқы транштың бөлігі екені айтылды.

Экономика және қаржы министрінің орынбасары Атабек Фазылкәрімов қайтарылған активтер Uzbekistan Vision 2030 ұлттық қорына ақшалай түскенін атап өтті. Түскен барлық қаражат тек әлеуметтік қажеттіліктерге қолданылады.

Алдағы уақытта Гүлнара Каримоваға тиесілі 182 миллион доллар тұратын екінші транш елге қайтарылады екен. 

Бұған дейін, 2022 жылы Өзбекстан мен Швейцария активтерді қайтару туралы алғашқы келісімге қол қойған болатын. 182 миллион долларға екінші келісім 2024 жылдың ақпанында жасалды. Бұл қаражаттың барлығы Каримоваға қатысты сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық іспен байланысты.

Президент Гүлнар Кәримова

Тақырыпқа жаңалықтар