Әлем16 мамыр 2024, 17:34

Путиннің құдай әкесі Медведчуктың яхтасы Украинаға берілді

Путиннің құдай әкесі Медведчуктың яхтасы Украинаға берілді. Бұл туралы Украинаның активтерді бақылау және басқару агенттігі (ARMA) хабарлады, - деп хабарлайды Arbat.media.

92 метрлік Royal Romance яхтасын Хорватия билігі 2022 жылдың наурыз айында тұтқындаған.

Енді ол ресми түрде Украинаның юрисдикциясына өтті.

«Украина тарихында шетелде орналасқан бірінші тәркіленген актив Украинада мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл яхтаны одан әрі сатуға және мемлекеттік бюджетке қаражаттың түсуіне ықпал етеді», - деп түсіндірді Украинаның теңіз және өзен көлігі мемлекеттік қызметінің басшысы Евгений Игнатенко осы оқиғаға қатысты.

Ал ARMA басшысы Елена Дума «шетелде заңсыз алынған және берілген барлық мүлік Украинаның юрисдикциясына қайтарылады» деп қосты.

Медведчук яхта Украина

Тақырыпқа жаңалықтар