“Қаза тапқандар бар”: Ұшақ трассаға құлады
Италияда шағын ұшақ трассаға құлап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Италияда шағын әуе кемесі тас жолға құлап, салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға сәті бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Кадрлардан ұшақ құлағаннан кейін бірден өрт шыққаны байқалады.
Ұшақтың бөлшектері бірнеше көлікке зақым келтіргенімен, көлік жүргізушілері зардап шеккен жоқ.
Апаттың нақты себебі әзірге анықталған жоқ. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: