Әлем•Бүгін, 10:25

Қырғызстанда ересектерге арналған барлық сайтты бұғаттау ұсынылды

Қырғызстан депутаты Салтанат Аманова кәмелетке толмағандарға кері әсер етуі мүмкін контенттің таралуына алаңдаушылық білдіріп, елдегі барлық порносайтты бұғаттауды ұсынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Депутат балалардың қандай қосымшалар мен материалдарға қол жеткізе алатынын ата-аналар қатаң бақылауы керегін де атап өтті. Оның пікірінше, бұл үшін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажет.

Қазір Қырғызстанда кәмелетке толмағандарды порнобизнеске тартқаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Алайда елде мұндай сайттарға толық тыйым салынбаған. Осыған байланысты Салтанат Аманова тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді ұсынды.

Қырғызстан депутат ата-аналар Балалар

Тақырыпқа жаңалықтар