Қырғызстанда кезектен тыс парламент сайлауы қашан өтеді?
Қырғызстанда кезектен тыс парламент сайлауы 30 қарашада өтеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жарлығында мәлім болды. Алдағы екі айда сайлаушылар тізімі жасалып, ақпараттық жүйелердің қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысы ұйымдастырылуы тиіс.
Дәстүрге сай, сайлау күні жексенбіге түсіп тұр. Айта кететіні, 25 қыркүйекте Жогорку Кенеш депутаттары өзін-өзі тарату туралы қаулы қабылдаған болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: