ӘлемБүгін, 18:41

Қырғызстанда қызбен сүйіскен жігіт тілінен айрылды

Қырғызстанда қызбен сүйіскен жігіт тілінен айрылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қыздың айтуынша, жігіт оны зорламақ болған.

“Ол мені сүймек болған кезде, қатты ашудан оны тістеп алдым. Тілі жұлынып кетеді деп мүлде ойламадым", – деп сұхбат берген қыз.

8 қарашада Манас ауруханасына тілі мен ерні жарақаттанған 26 жастағы жігіт жеткізілген. Ол дәрігерлерге бұл жарақаттарды "сүйісіп жатқанда алғанын" айтқан.

Бұл дерек бойынша тексеру жалғасып жатқаны хабарланды.

Қырғызстан жігіт Аурухана Манас

Тақырыпқа жаңалықтар