Қытай бала тууды қолдау үшін жаңа шаралар қабылдады
Фото: Pixabay.com
Pixabay.com
Әлем3 қараша 2024, 12:39

Қытай бала тууды қолдау үшін жаңа шаралар қабылдады

Қытай бала тууды қолдау үшін жаңа шаралар қабылдады. Мемлекеттік кеңестің бас басқармасы 28 қазан күні құжат жариялап, бала туу, бала күтімі және білім беру шығындарын азайту бойынша бірқатар жаңа шара жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы осы аптада Қытайдың «Халық газеті» хабарлады.

Қытайлық БАҚ-тың келтірген мәліметтеріне сүйенсек, құжатта бала туу қызметтерін қолдауды күшейту, бала күтіміне қызмет көрсету жүйесінің құрылысын нығайту, білім беру, тұрғын үй және жұмыспен қамтуда қолдауды арттыру сияқты шаралар көзделген.

Сондай-ақ бала тууға қолайлы әлеуметтік атмосфераны қалыптастырудың 4 аспектісі бойынша 13 нақты шара ұсынылған. Сол арқылы бүкіл қоғам балалы болуды құрметтейтін және қолдайтын жақсы атмосфера қалыптастырмақ.

Қытай Бала туу шара қабылдау

Тақырыпқа жаңалықтар