Қытай сирек металдар технологиясы экспортына тыйым салды
Қытай сирек кездесетін жерасты металдарын өндіру, пайдалану және өңдеумен байланысы бар бірқатар технологияның экспортына тыйым салды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Коммерция министрлігі ҚХР Ғылым және техника министрлігімен бірлесіп «Қытайдан экспорттауға тыйым салынған және шектеу қойылған технологиялар тізіміне» түзетулер енгізді.
Шетелге беруге тыйым салынған қытайлық технологиялар қатарында сирек кездесетін жерасты магниттерін жасау технологиялары, сирек кездесетін жерасты металдарын шығару және бөлу кезінде қолданылатын технологиялар, сондай сирек қорытпа алу технологиясы бар.
Сирек жер металдары элементтері - 17 металдан құралған топ. Олар электромобильдерде, жел электростанциялары турбиналары мен электроникада қолданылатын магнит жасау үшін пайдаланылады.
Global Times-тің хабарлауынша, 2022 жылы әлемдік сирек жер металдары өндірісінің 85%-ы, сирек жер металдарын өңдеудің 92%-ы және сирек жер магниттерін жасаудың 92%-ы Қытайға тиесілі болған.