Қытайда бес рет жер сілкінді
Қазақстандық сейсмологтар 23 мамыр күні Қытайда болған бірнеше жер сілкінісін тіркеді. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 2024 жылдың 23 мамырында 20:07-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 481 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.2. MPV магнитудасы - 4.6. Жер сілкінісінің координаттары 41.60° с.е. 82.24° ш.б. Тереңдігі - 10 км, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Екінші жер сілкінісі 20:38-де тіркелген. Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 492 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық класы – 9.7. MPV магнитудасы - 4.4.Жер сілкінісінің координаттары 41.60° с.е. 82.24° ш.б. Тереңдігі - 5 км.
Үшінші жер сілкінісі 21:05.-де тіркелген. Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 490 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық класы – 10.2. MPV магнитудасы - 4.0. Жер сілкінісінің координаттары 41.97° с.е. 82.63° ш.б. Тереңдігі - 5 км.
Арада алты минут өткенде 21:11-де төртінші жер сілкінісі тіркелді. Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 493 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық класы – 10.3. MPV магнитудасы - 4.5. Жер сілкінісінің координаттары 41.98° с.е. 82.68° ш.б. Тереңдігі - 5 км.
23 мамыр күні сағат 22:38 - де бесінші жер сілкінісі тіркелді.
Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 482 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық класы – 9.9.MPV магнитудасы - 4.1. Жер сілкінісінің координаттары 41.56° с.е. 82.33° ш.б. Тереңдігі - 5 км.
Қазақстан Республикасының аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат - жоқ.