Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Иванов тергеу изоляторына қамалды
Ресей Федерациясы қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Иванов тергеу изоляторына жіберілді. Мәскеудің Басман соты тергеудің өтінішін қанағаттандырып, Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Ивановты екі айға, яғни 23 маусымға дейін тергеу изоляторына жіберді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ивановқа аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылды - ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ол 23 сәуір күні кешке ұсталды.
Иванов өз кінәсін мойындамады, деп хабарлайды ТАСС мемлекеттік агенттігі.
Министрдің орынбасарымен бірге оның сыбайласы делінген Сергей Бородин де қамауға алынды.
Ол да екі айға тергеу изоляторына жіберілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: