Ресей: Сайлау жәшіктері бүлінуде, ОСК кінәлілерді соттаймыз деп жатыр
Сайлаудың бірінші күні бүкіл Ресейде сайлау жәшіктері бүлінуде. Орталық сайлау комиссиясы кінәлілерді бас бостандығынан айырамыз деп қорқытып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы DW телеграм арнасы жариялады.
Мәскеуде сайлау жәшіктеріне зақым келтірудің кем дегенде екі жағдайы белгілі болды: бір сайлау учаскесінде бойжеткен оған бояу құйып жіберді, екіншісінде дауыс беруге арналған кабинаға жанғыш сұйықтық жағылып, өртенді. Екі кінәліге де «сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі келтірді» деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, Ханты-Мансийск автономия округі мен Санкт-Петербургтегі сайлау учаскелерін өртеу әрекеттері болды. Онда "Фонтанка" жазғандай, 21 жастағы бойжеткен сайлау өтіп жатқан мектептің кіреберісіне «Молотов коктейлі» лақтырған.
Сонымен қатар БАҚ-тың хабарлауынша, Волгоград облысында, Карачай-Черкесияда, Воронеж маңындағы Борисоглебск қаласында, Ростов-на-Донуда, сондай-ақ аннексияланған Қырымдағы Симферопольде сайлау жәшіктері жасыл бояумен толтырылған.
Мытищиде, жергілікті жұртшылықтың хабарлауынша, қарт сайлаушы кабинадағы үстелге бір банка бензин құйып, оны өртеп жіберген.
Орталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Памфилова сайлау жәшіктерінің көптеген зақымдануы «шетелден келген ізді» көрсетеді деп санайды.
«Бұл жай бұзақылық емес, терроризм элементтері бар», - деп қосты Памфилова.
Ол мұндай әрекеттерді ұйымдастырушылар мен қатысушыларды «бес жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін» деді.