Ресей Суданға қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізуі мүмкін
Ресей Суданға қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізуі мүмкін. Оның орнына Судан тарапы Ресей Федерациясына Қызыл теңізде жанармай құю бекетін бере алатыны хабарланды. Суданның бұрынғы президенті Омар әл-Башир кезінде елдердің теңіз базасын құру туралы келісімге келгені, бірақ бұл жобаның ешқашан жүзеге аспағаны атап өтілген, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Reuters агенттігі судандық жоғары шенді генерал Ясер әл-Аттаға сілтеме жасап жазады.
Ресей бұған дейін 2023 жылдан бері қазіргі үкіметпен қарулы қақтығысқа түскен «Жедел әрекет ету күштері» әскерилендірілген тобымен байланыс орнатқан.
Осы жылдың наурыз айында америкалық The Wall Street Journal (WSJ) басылымы 2023 жылдың жазында Украина әскері мемлекет басшысы Әбдел Фаттах әл-Бурханның өтініші бойынша Суданға, оның астанасы Хартумнан көтерілісшілерді ығыстыруға көмектесу үшін келгенін жазған.