Әлем21 желтоқсан 2023, 18:34

Ресей улы газ пайдаланды деп айыпталды

Ресей БҰҰ конвенциясын бұза отырып, улы газ пайдаланды деп айыпталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы америкалық CNN телеарнасы майдан шебінде орналасқан украиналық әскерилерге сілтеме жасап хабарлады.

Айтуынша, соңғы апталарда Ресей қарулы күштері Украина қарулы күштерінің Запорожье облысындағы Орехов қаласының маңындағы позицияларына ұшқышсыз ұшақтардан күйдіргіш жанғыш газды бірнеше рет шашқан.

Ресейліктер украиндық сарбаздарға оқ жауар алдында оларды дүрбелең тудыру үшін газ пайдаланған көрінеді.

Әскери дәрігер газ қолданудың тоғыз жағдайын хабарлады. Бұл ақпаратты тәуелсіз тексеру мүмкін болмады.

CNN телеарнасына украиндық барлау қызметкері ресейліктер көзден жас ағызатын газ қолданғанын айтты.

БҰҰ-ның 1993 жылғы Химиялық қару туралы конвенциясы оны қолдануға рұқсат бермейді.

Ресей аталмыш келісімді ратификациялап, 2017 жылы барлық химиялық қарудың жойылатынын жариялаған еді.

улы газ БҰҰ Ресей Айыптау

Тақырыпқа жаңалықтар