Әлем26 мамыр 2024, 6:20

Ресей Харьков орталығына тағы бір соққы берді

Ресей әскерлері Харьков орталығына тағы бір соққы берді, 14 адам жарақат алды, дейді қала мэрі Игорь Терехов, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның айтуынша, С-300 зымыранын қаланың орталық бөлігіне тигізу нәтижесінде 13 жастағы бала да жарақат алған.

Жараланғандардың жағдайы орташа ауыр, - деді Терехов.

Бұған дейін Харьковтағы тұрғын аудандардың біріндегі «Эпицентр» құрылыс гипермаркетіне екі әуе бомбасы түскен.

Шабуылдан қаза тапқандар саны төрт адамға жетіп, 38 адам жараланды, деп хабарлады Харьков облыстық әскери басқармасының басшысы Олег Синегубов Telegram-да.

Сонымен қатар қаланың орталық саябағына тағы бір снаряд түсіп, жарылмай қалды.

Зардап шеккендер жоқ.

Харьков Ресей соққы

Тақырыпқа жаңалықтар