Ресейде азаматтық алғандардың әскердегі қызметі екі жылға ұлғайтылу мүмкн
Ресей Федерациясы азаматтық алған ерлердің әскерде қызмет ету мерзімін екі жылға дейін ұлғайтуды қалайды. Мемлекеттік Дума тиісті түзетуді 5 тамызға дейін қабылдауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, жаңа азаматтардың әскерге шақырылу жасы ұлғайтылады, бірақ қанша екені хабарланбайды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мемлекеттік Думаның спикері Вячеслав Володин Ресей азаматтығын алу үшін әскери тіркеуді шарт етіп қоюды ұсынды. Бұл Ресей Федерациясының азаматы ретінде төлқұжат алумен бір мезгілде болады деп болжануда.
Ақпан айының басында «Единая Россия» және ЛДПР партияларының бір топ депутаттары Думаға Ресей азаматтығын алған ерлердің әскерге шақырылу жасын 30-дан 50 жасқа дейін ұлғайту туралы заң жобасын ұсынған болатын. Алайда ол құжат Володиннің сынынан кейін кері қайтарылды.
Құқық қорғаушы Валентина Чупик бұған дейін DW басылымына мәлімдегендей, Ресейдің Украинаға қарсы соғысы басталғаннан кейін «Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения азаматтарын және басқа да мигранттарды Ресей Федерациясымен келісім-шартқа отыруға көндіргені туралы ақпарат ағыны болды.
Ресейге жұмыс істеуге келген адамдарды рейдке алып, жинап, оларды военкоматтарға апарып, сол жерде қорқыту, уәде беру немесе алдау арқылы әскермен келісім-шартқа отыруға мәжбүрлеген. Ресей төлқұжатын алғандарға «ауыртпалық» ретінде военкоматқа шақыру қағазы берілді, дейді Валентина Чупик.