Ресейде Борис Акунинді террористер тізіміне енгізіп, қылмыстық іс қозғады
Ресейде Борис Акунинді «террористер мен экстремистер» тізіміне енгізді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жазушының шын аты мен тегі - Григорий Чхартишвили Росфинмониторинг тізіміне енді.
Борис Акунин Ресейдің Украинадағы соғысына бірнеше рет қарсы шықты.
Атап айтқанда, пранкерлер Вован және Лексуспен болған әңгімеде жазушы Путин режимін, өзі бастаған соғысты және Ресей армиясының әрекетін қылмыс деп санайтынын, сонымен қатар Путиннің жеңіліске ұшырайтынын айтқан.
Осыдан кейін көп ұзамай АСТ баспасы Ресейде Акуниннің кітаптарын таратуды тоқтату туралы шешім қабылдады.
Борис Акунинге қатысты «терроризмді ақтағаны» және Ресей армиясына қатысты фейктері үшін деген айыппен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Тергеу комитеті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: