Ресейде Тобыл өзенінің деңгейі 11 метрге дейін көтерілуі мүмкін
Ресей Федерациясы Қорған облысының губернаторы Вадим Шумков Тобыл өзеніндегі су деңгейі 11 метрге дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі ТАСС агентігіне сілтеме жасап жазады.
Бір түнде Қорғандағы бақылау-өлшеу стансасындағы Тобыл өзенінің су деңгейі 24 см-ге артып, 970 см-ге жетті, деп хабарлады жергілікті билік.
РФ Қорған облысы Тобыл өзеніндегі судың көтерілуіне байланысты 669 тұрғын үй мен 2376 саяжайды су басып, 25 елді мекен электр қуатынсыз қалды.
Билік Тобыл маңындағы барлық елдімекендердің тұрғындарын, соның ішінде облыстың әкімшілік орталығы Қорған қаласын да көшіруге шақырды.
Облыс губернаторы Вадим Шумков аймақта «қиын жағдай» болжанатынын атап өтті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: