Әлем20 сәуір 2024, 16:10

Ресейдің шекаралас аймақтарына дрондар шабуыл жасады

Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарына дрондар шабуыл жасады, қаза тапқандар бар. Белгород облысында Пороз ауылына шабуыл жасалды. Облыс губернаторы Вячеслав Гладковтың айтуынша, шабуыл жеке тұрғын үйге соғылып, екі адам қаза тапқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы DW жариялады.

Брянск облысының губернаторы Александр Богомаздың айтуынша, 20 сәуірге қараған түні аймақтың үстінде алты дрон атып түсірілген. Выгоничский ауданында дрондардың бірі құлаған кезде «энергетикалық инфрақұрылым нысанында» өрт шықты.

Калуга облысында дрон жарылысынан электр қосалқы стансасы зақымданды.

Смоленск облысында дрон шабуылынан жанар-жағармай салынған контейнер өртенді.

Курск облысының басшысы Роман Старовойт та құлаған екі ұшқышсыз ұшақ туралы хабарлады.

шекаралас аймақтар Ресей дрондар Шабуыл

Тақырыпқа жаңалықтар