Әлем25 мамыр 2024, 12:00

Reuters: Путин соғысты нақты майдан шебінде «қатырып тастауға» дайын

Путин Украинадағы соғысты нақты майдан шебінде «қатырып тастауға» дайын.  Рейтер агенттігі Ресей президентіне жақын төрт дереккөзге сілтеме жасап жазғандай, Владимир Путин «қазіргі майдан шебін мойындайтын атысты тоқтату туралы келіссөздер арқылы» көрші мемлекетке қарсы агрессияны тоқтатуға дайын, - деп хабарлайды Arbat.media.

Reuters сұхбаттасушылары «Егер Киев пен Батыс әрекет етпесе» Путиннің әскери агрессиясын жалғастыратынына сенімді.

Путин «қажет болғанша күресуге» қабілетті, бірақ ол соғысты «қатырып тастау» үшін атысты тоқтатуға дайын», - дейді Путинмен бірге жұмыс істеген және Кремльдегі көңіл-күй туралы білетін Reuters ақпарат көзі.

Reuters ақпарат көздерінің хабарлауынша, Путиннің қисыны: ол соғыстағы табыстар «орыс халқына жеңісті «сату» үшін әлі де жеткілікті» деп санайды, сондықтан Ресейдің ұрыс даласындағы жетістіктерін «соғысты өткенде қалдыру үшін» пайдаланғысы келеді.

Путин Соғыс Украина Операция

Тақырыпқа жаңалықтар