Әлем26 желтоқсан 2023, 17:00

Рим папасы қару өнеркәсібін сынады

Рим Папасы Франциск қару өнеркәсібін сынап, геосаяси қақтығыстар туралы айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Рим Папасы Франциск Ватикандағы дәстүрлі жолдауында егер қару-жарақ өндіру, сату және саудасы артып жатса, біз бейбітшілік туралы қалай айта аламыз деді.

Соғыс – бағытсыз жол, жеңімпазсыз жеңіліс, сылтаусыз ессіздік.Соғысқа «жоқ» деу үшін қаруға «жоқ» деп айту керек, деп атап көрсетті Рим папасы Франциск.

Ол сонымен қатар ғаламдағы геосаяси қақтығыстар туралы да айтты.

Ресейдің Украинаға агрессиясы туралы айта келе, Рим Папасы украин халқын қолдауға шақырды.

Рим Папасы қару өнеркәсібі сынау геосаяси қақтығыстар

Тақырыпқа жаңалықтар