Шетелдік БАҚ: "Қазақстандағы экс-министрдің әйелінің өлімі"
Елімізде Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот өтіп жатқаны белгілі. Қазақстанның экс-экономика министрі соққыға жығып өлтірген Салтанат Нүкенованың өлімі халықаралық деңгейде үлкен резонанс тудырды. Бұл қайғылы оқиға туралы жариялаған неміс DW агентігі марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіден сұхбат алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл қайғылы оқиға туралы жариялаған DW марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіден сұхбат алды.
▪️ Айтбек қарындасын күйеуінің ұрып-соққаны туралы: "20 наурызда Салтанаттан фотосуреттер алдым, оны сотта да көрсеттім. Түнгі сағат бірде телефон соға бастадым, бірақ Салтанат жауап бермеді. Сосын полиция шақырдым, қарындасымды таба алмай жатырмын, оны күеуі сабап тастады, қатты уайымдап отырмын, пәтерлерінің есігін аштыру үшін ТЖМ қызметкерлері керек дедім. Олар тек бір жарым сағаттан соң ғана келді. Ол кезде мен есіктің тұтқасын сындырдым, қарындасым есікті ашты, ол кезде бетіндегі көрген жері онша білінбей тұрды, бастапқыдай, суреттегідей емес. Ол кезде үйленгендеріне үш ай болған. Салтанат үйде қалғысы келді, өйткені отбасын сақтап қалу ниеті болды".
▪️ Сот процесінде не болғаны туралы: "Осы бес ай бойы Салтанатты маскүнем және мінезі шатақ деп, ал мені педофил ретінде көрсетуге тырысқан ақпараттық соғыс болды. Бірақ қоғам біздің отбасымыздың қандай ашық екенін көріп білген соң, бізді қолдай бастады. ды. Біздің қолымыздан келетін бар нәрсе - қоғам алдында ашық болу және болған оқиғаны бүкпесіз айту, өйткені бізде жасыратын ештеңе жоқ екенін ұқтым".
▪️ Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тартатын заңның қабылдануы туралы: "Бұл адамдардың көп жылғы еңбегінің жемісі болды (...) Қазақстандықтардың белсенді азаматтық ұстанымының арқасында ел президенті бұл заңға қол қойды. Әрине, өте қуаныштымыз (...) Бірақ мен 100 пайызға сенімдімін, аталмыш заң қолданылуы қажет шешімдер жиынтығының бір бөлігі ғана. Бұл тек бастамасы ғана".
▪️ Қоғамдық сананың өзгеруі туралы: "Қоғамда зорлық-зомбылықты қабылдамау өте маңызды. Қазақстанда қоғамдық санада ұзақ уақыт бойы зорлық-зомбылық қалыпты құбылыс ретінде қалыптасты. Ал қазір оның қалай өзгеріп жатқанын сезіледі. Бұл өте маңызды, өйткені біз ешбір зорлық-зомбылықты ақтауға болмайтынын, Қазақстанда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік болуы керектігін түсінуіміз керек".
Сұхбаттың толық нұсқасын орыс тілінде мына жерден оқуға болады.