"Сібір үстінде ядролық жарылыс жасау". РФ ІІМ Маргарита Симонянның сөзінен экстремизм таппады
РФ Ішкі істер министрлігі Маргарита Симонянның сөзінен экстремизм таппады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Маргарита Симонян Сібір үстінде ядролық жарылыс жасауды ұсынған болатын.
Бұл туралы РФ Ішкі істер министрлігінің Мәскеу қалалық думасының депутаты Евгений Ступиннің сауалына берген жауабында айтылған.
Ол өзінің Telegram-каналында министрліктің хатын жариялады.
Қазан айының басында Симонян RT арнасында «Сібірдің бір жерінде» ядролық жарылыс қорқынышты салдарға әкелмейтінін және Батысқа қарсы күресте көмектесетін «ядролық ультиматумға» айналуы мүмкін екенін айтты.
«Әрине, бұл дүкен сөрелерінде соғысқа қарсы қағаз жапсыру емес», - деп түсіндірді депутат.
Бұған дейін Санкт-Петербург соты мұндай әрекеті үшін суретші Саша Скочиленконы жеті жылға бас бостандығынан айырған болатын.