«Соғыс тоқтайды»: Трамп Путинмен атысты тоқтату жөнінде сөйлесетінін мәлімдеді
Дональд Трамп дүйсенбі күні, 19 мамырда Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлеседі, деп хабарлайды Arbat.media Kursiv.media.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Әңгіме барысында аптасына орта есеппен 5 мыңнан астам ресейлік және украиндық сарбаздардың өмірі қиылып жатқан «қырғынды» аяқтау мен сауда-саттық мәселесі қозғалады», – делінген жазбада.
Содан кейін Трамп Зеленскиймен, одан кейін Зеленскийдің қатысуымен бірге НАТО өкілдерімен сөйлесетінін мәлімдеді.
«Бұл нәтижелі күн болайын деп түр. Атысты тоқтатуға қол жеткізіледі және өте қатыгез соғыс, ешқашан басталмауы керек болған соғыс тоқтайды», – деп жазды Трамп.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: