Шварценеггердің қамауға алынуы оның сағатының құнын күрт арттырды
Шварценеггердің қамауға алынуы оның сағатының құнын күрт арттырды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сәрсенбі күні Арнольд Шварцнеггер швейцариялық Audemars Piguet («Одемар Пиге») компаниясының декларацияланбаған сағаты үшін Мюнхен әуежайында кедендік тексеру кезінде ұсталған болатын.
Бұл сағаттың үлгісі арнайы актер үшін жасалған, оны тіпті бірнеше фильмде киген екен.
Сағаттың бетінде Шварценеггердің денесінің суреті және Arnold Classic деп жазылған.
Әлемде мұндай сағаттың небәрі 20-сы бар. Соның кесірінен киножұлдызды үш сағат бойы полиция бөлмесінде ұстады, содан кейін ол сағат құнын, айыппұлды және салық төлеуге мәжбүр болды.
Шварценеггердің өзі сағатты аукционда сатып, ақшаны климатты қорғауға жұмсамақ болған.
BILD басылымына берген түсініктемесінде Шварценеггер бюрократиялық кідірістерді «Германияның дерті» деп атады.
«Бұл қазір әлемдегі ең көп қаралатын сағат», - деп әзілдеді 76 жастағы актер ағылшын тілінде «the most watched watch» деген сөз тіркесін қолданып.
Ол әлі де сағатты аукционға қоюға ниетті, бірақ қазір әлдеқайда жоғары бағаға. Сағатты бастапқыда шамамен 20 000 еуроға бағалаған. Ал қазір аукционның бастапқы бағасы – 50 000 еуро.
BILD мәліметінше, кедендегі оқиғадан кейін ондаған коллекционер бұл модельге қызығушылық танытқан.