ӘлемБүгін, 17:13

Танымал блогерге халықаралық іздеу жарияланды

Өзбекстан азаматы, «Маха.dxb» бүркеншік атымен танымал блогер 26 жастағы Махмуд Хикматов заңсыз интернет-казиноларды жарнамалап, насихаттады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазақстан аумағында интернет-казинолардың заңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасайтын тұрақты жүйе құрылған.

Сондай-ақ ел азаматтарын құмар ойындарға көптеп тарту мақсатында жарнама таратылған.

Интернет-казиноларды жарнамалау үшін ұйымдастырушылар блогер Хикматовты тартқан.

Оған Қазақстанда жұмыс істейтін инфлюенсерлерді тауып, солар арқылы жарнамалық материалдар жариялату міндеті жүктелген. Осы мақсатта М. Хикматов барлығы 35-тен астам блогерді, оның ішінде блогер Қайсар Қамзаны тартқан.

Қайсар Қамза интернет-казиноларға апаратын сілтемелерді жариялаған. Ол пайдаланушылардың сілтемелерге өткені үшін сыйақы алып отырған.

Интернет казино Құмар ойын блогер

Тақырыпқа жаңалықтар