Таулы Қарабақта Әзірбайжан туы желбіреді
Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев Таулы Қарабақта мемлекеттік туды көтерді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Azertag жазуынша, президент Ильхам Әлиев Әзірбайжанның мемлекеттік туын екі бірдей қалада көтерген.
Президент ту көтеру рәсіміне қатысқан қала қазір Агдере деп аталады.
Ол бұрынғы Таулы Қарабақтың орталығы саналатын.
Ел арасында Ханкендиі және Степанокерт атымен де танымал.
Мемлекеттік ту Сарсан су қоймасының аумағында да көтерілді.
Ильхам Әлиев Шуша ауданындағы Аскеран бекінісі мен Малыбейли ауылына да барды, деп жазады Azertag.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: