ӘлемБүгін, 11:10

Трамп Иранға шабуылды екі аптаға тоқтатты

Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шарифтің өтінішінен кейін Трамп осындай шешім қабылдапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Егер Иран Ормуз бұғазын ашуға келіссе, АҚШ екі аптаға шабуылдарды тоқтатады.

Келісім Иран ұсынған 10 тармақ негізінде жүргізіліп жатыр. Тараптар негізгі мәселелер бойынша ортақ шешімге жақындаған.

Трамп тараптар қақтығыста екі аптаға үзіліс жасауға келіскенін мәлімдеді. Осы кезеңде Иран Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігіне кепілдік береді. Америка басшысы сондай-ақ Иранның энергетикалық инфрақұрылымына ықтимал соққыларды екі аптаға шегеретінін айтты. Осы уақыт аралығында атысты тоқтату режимі күшінде болады.

Пәкістан трамп Соғыс Иран

Тақырыпқа жаңалықтар