Әлем8 сәуір 2024, 13:23

Түркия Тәжікстан азаматтары үшін уақытша визалық режим енгізді

Түркия Тәжікстан азаматтары үшін уақытша визалық режим енгізді. 5 сәуірде Ердоған Тәжікстан азаматтары үшін визасыз режимді жою туралы жарлыққа қол қойды. Бұл шешімнің себептері жарияланбағанымен, ресейлік БАҚ мұны Тәжікстаннан келген иммигранттар күдікті болып отырған "Крокустағы" жуырда болған терактпен байланыстырады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Наурыз айының соңында Анкара Мәскеуге лаңкестік әрекетті жасады деген төрт адамның екеуінің Ресей шекарасын кесіп өтпес бұрын Түркияда біраз уақыт тіркеусіз болғаны туралы ақпарат берді.

Душанбедегі Түркия елшілігі Facebook желісіндегі парақшасында визалық режимді енгізудің «уақытша шара» екенін айтып, визаны өңдеу 2024 жылдың 20 сәуірінде басталатынын атап өтті.

Осы күнге дейін Тәжікстан азаматтары елге визасыз келе алады. Транзит үшін виза талап етілмейді, деп қосты елшілік.

түркия Тәжікстан азаматтары визасыз режим

Тақырыпқа жаңалықтар