ӘлемБүгін, 12:29

Түркияда 6 балдық жер сілкінісі болып, бір адам қаза тапты

Түркияның Балыкесир провинциясында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апат салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кеше, 10 тамыз күні жергілікті уақытпен 19:53-те Түркияның батысында жер сілкінді. Эпицентрі – Сындыргы ауданы. Балыкесир провинциясында болған жер сілкінісі салдарынан шамамен 16 ғимарат қирап қалды.

81 жастағы қария қираған үйдің астынан құтқарылғанымен, алған жарақаттарынан қайтыс болған. 29 адам зардап шекті.

Қазір 300-ден астам құтқарушы мен 79 техника іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

 

түркия Апат Қаза Адам

Тақырыпқа жаңалықтар