Әлем26 маусым 2024, 12:00

Түркияда лаңкестік ұйымға қатысы бар деген күдікпен 24 адам ұсталды

Түркия Бас прокуратурасының лаңкестікке және ұйымдасқан қылмысқа қатысты қылмыстарды тергеу бөлімі елдің бірнеше провинциясында ФЕТО террористік ұйымына (Түркияда тыйым салынған — ред.) қатысы бар адамдарды ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Түркияның қауіпсіздік күштері елдің 9 провинциясында жүргізген іс-шаралар барысында ФЕТО (Түркияда тыйым салынған — ред.) террористік ұйымына қатысы бар 24 адам ұсталды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Оның 14-і — Түрік қарулы күштері құрлық әскерлерінің сарбаздары. Бірі мешітте имам болса, екіншісі бұрын әскери институтта оқыған.

Қалған 8 адам басқа салаларда жұмыс істеген.

Белгілі болғандай, олар адамдарды өз қатарына жинап жүрген.

Ол үшін олар Фетхуллах Гюленнің «Хизмет» қозғалысының (Түркияда тыйым салынған — ред.) идеяларына адал азаматтарды пайдаланған.

Сонымен бірге қазіргі кезде құқық қорғау органдары олардың жақтастары мен заңсыз ұйымға қатысы бар басқа адамдарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

түркия Лаңкестік Күдік ұсталды
28 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
29 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
29 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар