Әлем23 сәуір 2024, 15:26

Украина АШМ басшысы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді

Украина Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Аграрлық саясат және азық-түлік министрі Николай Сольскийге оның құны 291 миллион гривен (шамамен 6,9 миллион еуро) тұратын жерді иемденді деген күдік туды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сондай-ақ ол тағы 190 миллион гривен (4,5 миллион еуро) тұратын жерді иемденуге әрекеттенген, деп хабарлады украиналық БАҚ елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктеріндегі дереккөздерге сілтеме жасап.

Бұл Зеленский үкіметіндегі сыбайлас жемқорлық ісі бойынша күдікті ретінде танылған алғашқы министр.

Солскийге жақын дереккөз оның адвокаттық қызметпен айналысқан 2017-2018 жылдардағы эпизодтар бойынша күдікті болғанын айтты.

Украина АШМ Жемқорлық Николай Сольский

Тақырыпқа жаңалықтар