Украина Бас прокуратурасы: Ресей армиясы соғыс басталғалы 54 украин тұтқындарын өлтірді
Ресей армиясы соғыс басталғалы 54 украиндық әскери тұтқынды өлтірді деп мәлімдеді Украина Бас прокуратурасы. Жалпы елде қарусыз 54 украиндық әскери тұтқынды өлім жазасына кесуге қатысты 27 іс тергелуде, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Қарулы қақтығыс кезінде жасалған қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Юрий Белоусов мәлімдеді.
Ол бұл мәлімдемені 7 сәуірде украиналық әскери тұтқындарды өлім жазасына кесу сәті түсірілген видеоның жариялануы аясында айтты.
Белоусовтың айтуынша, украин тарапы оның Херсон облысының басып алынған бөлігіндегі Крынки ауылы маңында түсірілгенін алдын ала растай алды.
Белоусов «бұл жеке оқиға емес, Ресей саясатының дәлелі» деп қосты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: