Әлем11 сәуір 2024, 14:00

Украина мен Үлыбритания бірлесе қару жасауға келісті

Киев пен Лондон бірге қару жасайды. Киевте 30-ға жуық британдық қорғаныс компаниясының өкілдері шақырылған конференция барысында Украина мен Ұлыбритания қорғаныс өнеркәсібі мен қару-жарақ өндірісі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Украинада британдық және жергілікті қорғаныс өндірушілері арасында бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндігі талқыланды.

Ұлыбританияның Сауда министрі Грег Хэндс қол қойылған келісімнің Украинаға Ресеймен соғыста ұрыс алаңында артықшылық беріп, ұзақ мерзімді перспективада экономикасына пайда әкелетініне үміт білдірді.

киев Лондон қару жасау

Тақырыпқа жаңалықтар