Украина Ресейдің 40 Shahed ұшқышсыз ұшағын атып түсірді
Украина қарулы күштері Ресей ұшырған 40 Shahed ұшқышсыз ұшағын атып түсірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Украина әуе күштерінің қолбасшылығы хабарлады.
Ұшқышсыз ұшақтар Винница, Днепропетровск, Житомир, Киев, Кировоград, Николаев, Одесса, Херсон және Черкасск облыстарының үстінде атып түсірілді.
Днепропетровск облысында ұшқышсыз ұшақ қалдықтарының құлауынан өрт шығып, бір адам зардап шекті.
Украина әскерилерінің мәліметінше, Шахед-136/131 типті ұшқышсыз ұшақтар Ресей Федерациясы аннексиялаған Қырымдағы Балаклава және Чауда мүйісі аудандарынан ұшырылған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: