Әлем5 желтоқсан 2023, 7:21

Украинада Ресей генералы қаза тапты

Украинада ресейлік генерал қайтыс болды, бұл ақпар Ресей Федерациясында расталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Генерал-майор Владимир Завадскийдің қайтыс болғаны туралы ақпаратты Воронеж облысының губернаторы Александр Гусев растады.

Завадский 14-ші армия корпусы командирінің орынбасары ретінде Украинаға қарсы соғысқа қатысты.
 
Гусев оның өлімінің мән-жайын нақтыламады.

Өткен аптада БАҚ Завадскийді Ресей басып алған Украина аумақтарында мина жарып жіберді деп жазды, бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Владимир Завадский Генерал қаза тапты Ресей

Тақырыпқа жаңалықтар