Әлем5 қараша 2023, 11:00

УҚҚ патриарх Кириллді соғысты ақтады деп күдіктенеді

Украинаның қауіпсіздік қызметі Ресей патриархы Кириллді Украинаның аумақтық тұтастығына араласып, соғысты ақтады деп күдіктенеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Орыс православие шіркеуінің патриархы Ресейдің қарулы агрессиясын насихаттайды және басқыншылардың әскери қылмыстарын жоққа шығарады, сондай-ақ Ресейдің Украинаға басып кіруін алғашқылардың бірі болып қолдады, деп хабарлады Украина қауіпсіздік қызметі.

Тергеушілердің айтуынша, патриарх Кирилл Украинадағы УОК (МП) өкілдерінің көмегімен ресейлік насихатты таратады.

Ведомствоның хабарлауынша, патриархқа Украина Қылмыстық кодексінің тиісті баптары бойынша күдік туралы хабарланған.

Патриарх Кирилл Украина Күдік Соғыс

Тақырыпқа жаңалықтар